Жамбыл мектеп-гимназисы

Используются технологии uCoz
   


Мектеп  сайтына  хош келіпсіздер!!!  

   Мектеп туралы    Басшылар     Информатика   Түлектер       Форум Сілтемелер

      

Мектеп   туралы

Басшылар

Информатика

Түлектер

Сілтемелер

Форум

                  Бұл   Жамбыл  облысы  Мойынқұм  ауданы  Мойынқұм  ауылындағы  Жамбыл  мектеп-гимназиясының  парақшасы.  Жамбыл  мектеп-гимназиясы  , бұл  статусқа 2005  жылы  ие  болды.  Бұл  мектеп  аудандағы  іргелі  оқу  орындарының  бірі. Мектеп  түлектері  жылдан  жылға  ҰБТ-ы  қорытындысы  бойынша ауданда  көш  бастап  келеді.  Бұл  сайтта  мектеп  туралы,  оның  үздік  түлектері    және  ұстаздар  жайлы  баяндамақпыз. Сонымен  мектеп  сайтына  хош  келіпсіздер,  демекпіз!!!     Сонымен  қатар  бұл  сайтта  аудан  мектептерінде  және    білім   бөлімінде  болып  жатқан    жаңалыктардан  да, шамамызша  мағлұмат  бермекпіз.  Және де ауданның  тыныс-тіршілігі  туралы  да  сіздерді  хабардар  етпекпіз.  Жақында  форум  аштық,  орыс  тілінде,  форумға  кіріп,  оның  жұмысына қатысуға- аудан  ұстаздарын,  тұрғындарын  және өзін  Мойынқұмдықпын  деп  есептейтін  азаматтарды  шақырамыз .

 

Жамбыл  облысы  Мойынқұм  ауданы  Жамбыл  облысының  солтүстігіне  орналасқан,  облыс  көлемінің 44  пайызын   алып  жатыр.  Оңтүстігін  сексеуіл  өскен , аудан  аттас  құмдар  алып  жатса,  солтүстік  шығысында  Балқаш  көлі  мен  солтүстік  батысында  әйгілі  Бетпақдаламен  шектеседі.  Табиғаты  қатал  аумалы-төкпелі  болып  келеді-қыста   ауаның    температурасы  -30  градусқа  дейін  төмендейтін  болса,  жазда  күн  40-45  градусқа  дейін  ысиды.  Тұрғындарынын  дені  қазақтар-мал  шаруашылығымен  айналысады.  Ауданның  солтүстігі  өнеркәсіптік  аймақ  болып  есептелінеді:  онда  көмір,  алтын ,  барит  өндіріледі.  Және  облысымыздағы  атақты  Амангелді  газ  кеніші  де  біздің  ауданнынң аумағында  жатыр. Мойынқұм  ауданы  1965  жылы  құрылган,  бұрын  Коктерек  ауданы  болатын,  аудан  орталығы  Бірлік  ауылы  еді.  Айта  кету  керек  Кеңес  заманында  аудан  негізінен  қаракөл  өндірумен  айналысып,  соның арқасында  аты  шықты.  Атақты шопандар:  Жазылбек  Қуанышбаев,  Ділдаш  Итбасова  ,  Шоман  Шәріпбаев, қойды  жедел  қырқудан чемпион  Шотай  Тайбағаров  біздің  ауданның  ардагерлері.  Жаңа  заманда  ауданымыздан  әйгілі  желтоқсаншы, Халық  қаһарманы-  Қайрат  Рысқұлбеков  шықты.

   Ұлы  наурыз  мерекесімен құттықтаймыз!!!

 

 

 

 

 

   

                                                                          

 

 

 

                                                                                                                      Счетчик посещений

Используются технологии uCoz
html counterсчетчик посетителей сайта
Используются технологии uCoz